г. Шымкент: +7 (7252) 57 87 46;  г. Сарыагаш: +7 (72537) 71 001;

nam10

Мансардалы терезелер

k4 1

Мансардалы терезелер бөлменің ішін өзгертіп, оны жарық және жайлы етуге және шатырды сыртынан әрлі етуге септігін тигізеді.

Мансарданың құрылысы кәдімгі пластикалық немесе ағаш терезелерін қолдануды рұқсат етеді, алайда, тік орналасқан терезелерді әйнектеу ауданы терезе ойығының ауданымен шектеледі, ал мансардалы терезені кез-келген орынға кез-келген көлемде орнатуға болады.

Мансардалы терезелердің артықшылықтары:

  • Кез-келген жабын материалдары үшін лайық.
  • 15-тен 90 градусқа дейінгі еңісі бар құламаларда қолданылады.
  • Вентиляциялық клапанның арқасында, таза ауаның үнемі құйылуын қамтамасыз етеді.
  • Сыртқы әсерлерден толық қорғанысты қамтамасыз етеді.

Құрамдастырылған ашылу жүйесі бар терезелер.

Мұндай терезелерді ауыстырғышқа байланысты ортаңғы немесе жоғарғы білік бойынша ашуға болады. Терезе ортаңғы білік бойынша ашылғанда, бөлмені желдетуге және терезенің сыртқы бөлігін жууға ыңғайлы. Ол үшін рама 1800-қа бұрылады. Ал терезені жоғарғы білік бойынша ашсақ – таза ауаға шығып, бөлме ішінде отырып, төңіректі байқап қарауға болады. Жоғарғы біліктің ашылу бұрышы – 350.

Орташа айналымды терезелер.

СFAKRO орташа айналымды ашылу – шатырға арналған терезенің ең кең тараған құрылымы. Орта жағында орналасқан фрикционды топсалардың арқасында, терезені көлбеу қалпында қалдыруға, сонымен қатар өз осі бойынша 1800-қа айналдыруға болады. Бұл терезенің сыртқы бөлігін жууды жеңілдетеді. Эксклюзивті фурнитура терезені кез-келген ашылу тәсілінде бекітуді қамтамасыз етеді.

  • Топтап орналастыруға арналған терезелер
  • Карнизді терезелер. Қасбеттің жоғарғы бөлігіне орнатылады да, одан жоғары кәдімгі мансардалы терезе орналасады. Стандартты өлшемдері: 78х75 см, 94х95 см, 114х95 см.
  • Жалғамалы терезелер. Тіктөртбұрышты мансардалы терезелердің төбесінен қойылады. Жалғамалардың формасы аркалы жарты шеңбер тәріздес (ҒВР) немесе үшбұрышты (ҒАР). Олар тек «саңылаусыз» нұсқада шығарылады – яғни ашылмайды. Жеке тапсырыс бойынша жасалады.
  • Дуэт-терезесі.Тіктөртбұрышты, кәдімгі мансардалы терезенің астынан немесе үстінен вертикалды топта қойылады. Ол ашылатын, орташа ашылатын немесе саңылаусыз болады. Жеке тапсырыс бойынша жасалады.
  • Шатырға шығу үшін арналған терезелер. Бұл терезелер жылдам және қауіпсіз түрде шатырға шығуға мүмкіндік береді, тұрғын мансардасын қосымша жарықтандыру мен желдетуін қамтамасыз етеді. Бір жаққа қарай 900-қа ашылады (оңға немесе солға).

Доғалы терезе.

Доғалы мансардалы терезені күмбез тәрізді шатырларға орналастырады. Оларда жарма, қорапша, стеклопакет және фурнитура жабын радиусына сәйкес иілген. Орташа ашылатындай етіп шығарылады. Стеклопакеттегі сыртқы әйнегі шыңдалған.

Шатырасты сатылар.

Шатырасты сатысы – бұл бөлме кеңістігін едәуір үнемдеу. FAKRO шатырасты ағаш сатылары бұл 3 немесе 4 секциясы бар бүктемелі құрылым. Ағаш элементтері қыста дайындалған қарағайдан жасалатындықтан, аса бекем және төзімді болып келеді.

Жиналмалы түрде саты блок түрінде болады, ал люк қақпағына салынған құлып люкты жауып, сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді.

FAKRO-ның барлық шатырасты сатылары люктың жылытылған қақпағымен жинақталынған. Баспалдақтар пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сырғанамайтын ойықтармен жабдықталған, ал баспалдақтар мен жанындағы элементтердің «қарлығаш құйрығы» бекіткішіне қосылуы, бүкіл құрылымның жалпы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

FAKRO шатырасты сатылары – бұл кез-келген өлшемдегі құрылымдардың кең таңдауы.

 

Компания туралы

«Үйіңізді салатын кезде, іргетасы мен жабынында үнемдемеңіз» деген нақыл сөз бар. «ДомСтрой» компаниясының риза болған мыңдаған клиенттері осы халық даналығының шындығына көздері жетті...

Толығырақ ...

Байланыс

Шымкент қ., Желтоқсан көш., 192
Телефон: +7 (7252) 57-87-46;
Сарыағаш қ., Бейсенова көш., н/у.
Телефон: (72537) 71 001
+7 775 404 90 40

Заказать звонок
Яндекс.Метрика