г. Шымкент: +7 (7252) 57 87 46;  г. Сарыагаш: +7 (72537) 71 001;

nam10

Бу-суды оқшаулағыш пленкалар

k10 1

Шатырдың міндеті – атмосфералық жауын-шашындардан қорғау. Бірақ шатырдың өзі де қорғанысты қажет етеді. Біріншіден, шатыр жабынының бөлек элементтерінің арасында саңылаулар болуы мүмкін. Екіншіден, уақыт өте келе шатыр ескіріп, механикалық зақымдарға ие болады. Үшіншіден, дала мен жылы шатыр астындағы температуралардың айырмасы нәтижесінде, жабынның суық жерлерінде конденсат пайда болады. Осының барлығы қардың немесе судың шатырастына жиналып, жылытқыштың сулануына, ылғалдылық пен көгерудің нәтижесінде ағаш құрылымдарының шіруіне әкеліп соқтырады. Шатырды атмосфералық ылғалдылықтан қорғау үшін суды оқшаулағыш қажет.

Суды оқшаулағыштан басқа, қажеттілі одан кем емес буды оқшаулағыш та бар. Кез-келген тұрғын үйде, су буының көзге көрінбейтін циркуляциясы жүреді. Су буы төменгі қабаттағы бөлмелерден жоғарыға қарай ұмтылып, техникалық талаптар бойынша әрдайым құрғақ болып тұру керек болатын жылытқыш төселген шатырастына жиналады. Сондықтан да «жабын бәлішінің» ішінде міндеттті түрде буды өткізбейтін қабат – жылу изоляция қабаты мен төбе арасындағы арнайы буды оқшаулағыш пленка болу керек.

Шатырдағы суды және буды оқшаулау ретінде келесі материалдар қолданылады:

  • Полиэтиленді пленка (суды және буды оқшаулау үшін қолданыла береді).
  • Полипропиленді пленка (суды оқшаулау үшін қолданылады).
  • Тігілмеген «ауа өткізетін» мембраналар (тек суды оқшаулау үшін қолданылады).

Осылайша буды- және суды оқшаулау жүйесімен көпқабатты «жабын бәліші» 9 қабатқа ие болды:

  • Жабын материалы.
  • Торлау.
  • СУДЫ ОҚШАУЛАУ.
  • Шатыр тіреуіші.
  • Ауа ағынын өткізуге арналған саңылаулар.
  • Төбе.
  • Жылуды оқшаулау.
  • Төбелік рейка.
  • БУДЫ ОҚШАУЛАУ.

«Бәліштің» әр қабаты өзінің маңызды функциясына ие, соның ішінде ғимараттың құрылымдық элементтерін ылғал мен су буынан қорғайтын бу және су оқшаулағыш қабаттары. Өз шатырыңызды неғұрлым мықты қорғасаңыз, шатыр соғұрлым ұзағырақ үйіңізді қорғайды!

 

Компания туралы

«Үйіңізді салатын кезде, іргетасы мен жабынында үнемдемеңіз» деген нақыл сөз бар. «ДомСтрой» компаниясының риза болған мыңдаған клиенттері осы халық даналығының шындығына көздері жетті...

Толығырақ ...

Байланыс

Шымкент қ., Желтоқсан көш., 192
Телефон: +7 (7252) 57-87-46;
Сарыағаш қ., Бейсенова көш., н/у.
Телефон: (72537) 71 001
+7 775 404 90 40

Заказать звонок
Яндекс.Метрика