«ALU-TEM» жиектемелік алюминилі төбелері
Аспалы төбелер Қазақстан нарығына 90-шы жылдары келді. Және олар архитекторлар мен құрылысшылар тарапынан тез арада жоғары бағаланды. Өйткені аспалы төбелердің пайда болуы бірнеше мәселенің оңай шешіміне айналды. Біріншіден ол қосымша шу мен жылу оқаушалығш, екіншіден түрлі инженерлік коммуникацияны (электр қуаты, компьютер сымдары, желдеткіштер, т.б.) жасырудың құралына айналды. Сонымен қатар көпфункционалды жарықтандыру жүйесін жасауға мүмкіндік туғызды.
Қазақстан аумаыға аспалы төбелер неміс, ағылшын және голланд елдерінің AMF, Armstrong, Geipel, Luxalon секілді өндірушілерінен ұсынылған болатын. Бұл компаниялар біздің тұтынушыларымызға аспалы жүйелердің барлық түрлерін ұсынды. Бұл гипсокартонды төбелер, бұл модульді жиектемелік және таспалық төбелер.
Бүгін, біздің компаниямыз сіздерге «ALU-TEMIR» сауда маркасымен«ALU-TEM» жиектемелік алюминилі төбелерді ұсынады. Қазақстанда жасалған.
«ALU-TEM» төбелер жүйесін толығырақ зерттеп көрелік. R-84 төбелер жүйесі ұштары доғалданған панельдерден тұрады. Және бұлар жиынтыққа кіретін пішіндерге (стрингерлерге) оңай бекітіледі. Пішіндер ыстық эмальдау әдісімен боялған, қалыңдығы 0,5 мм. Олар жеңілдігімен және сапалылығымен ерекшеленеді. Пішіндер арасындағы ашық қашықтық 16 мм құрайды. Қажет болған жағдайда бұл орындарды пішінге арналған қосымшамен бекітуге болады. Ұзындығы 16мм. Ендірме қосымша құралдардың көмегінсіз-ақ қолмен жеңіл бекітіледі.
Бұған ұқсас төбе түрі С-100. Жалғыз айырмашылығы пішіндер арасында ара қашықтық болмайды. Анығырақ айтқанда бұл пішін бірден жабық төбе кейпінде құрастырылады.
Пішін мен ендірме тапсырыс берушінің берген өлшемімен дербес жасалады.
Түстер гаммасы: қоңыр (шоколад), сұр, ақ, сүт түстес ақ.
Назарларыңызды тағы да аталмыш өнімнің қазақстанда жасалғандығына аударғымыз келеді. «ALU-TEMIR» - бұл жиектемелік алюминилі төбелерді өндіретін алғашқы және жалғыз өндіріс ошағы.
http://domstroi.kz/kz/katalog/reechnye-alyuminievye-potolki-alu-tem.html#sigProId546bfdca37