г. Шымкент: +7 (7252) 57 87 46;  г. Сарыагаш: +7 (72537) 71 001;

nam10

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ТАСЫМАЛДАУ

Металлжабынқыштың табақтары шанақтың тегіс, берік негізіне тиелу керек. Шанақтың ұзындығы табақтың ұзындығынан кем болмауы тиіс.

Тасымалдау кезінде өнімді орын ауыстыруыдан және механикалық зақымдардан алдын-алу керек.

Көлікті айдай отырып, кенет екпін беру мен тоқтаудан сақ болу керек..

ТИЕУ-ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қолмен түсіру жұмыстары кезінде қажет көлемдегі жұмысшыларды шақыру керек (2 табаққа   1 адам есебімен, бірақ 2 адамнан кем емес).

Металлжабынқыш табақтарын тігінен ұстап, майыстырмай мұқият түрде көтеріп, тасымалдау керек:

Табақтарды жерге тастап, сүйретуге тыйым салынады.

МҰНЫ БІЛУ КЕРЕК !

Металлжабынқыш пен профнастилды еңісі 12 градустан кем емес шатырға төсеу керек.

Табақтардың шеттері өткір болғандықтан, жұмыс жасау кезінде қолғап кию керек.

Монтаждан кейін қалған қалған пленкасы бар металлжабынқышты пайдалануға тыйым салынады. Пленканы, полимерлі жабынға жабысуын алдын-алу үшін, құру жұмыстары кезінде алып тастау керек.

Құру жұмыстары кезінде табақтардың үстінде мұқият түрде , жұмсақ аяқ-киім киіп қозғалу керек.         

СУ ОҚШАУЛАҒЫШЫН ҚҰРУ

Жылы шатыр нұсқаларында біз су оқшаулағыш мембраналарын пайдалануға кеңес береміз.

Ендоваларда – негізгі су оқшаулағышты құру алдында - су оқшаулағыш мембранасының орамасын жоғарыдан төмен қарай ендованың бар ұзындығына жаяды.

Негізгі су оқшаулағыштың орамаларын көлденең стропилалар бойынан төсейді (салбыраусыз), бұғаттан – атшаларға дейін, 150 мм ұзындыққа бірінің үстіне бірін.

Мембраналарды өлшемі 50х50 мм ағаш кесектермен бекітеді.

ЕНДОВАЛАР

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ендовалар мен жанасулардың орындары шатырдың ең әлсіз қорғалған орындары болып саналады. Оларды құру кезінде аса мұқият болу керек!

Еңістердің ішкі жанасу орнын тұтас керегелерге саморездермен ендованың төменгі бөлігін бекітеді.

Тақтайшаларды жанастыру кезінде, жанасу жерін герметизациялап, бірінің үстіне бірін 100-150мм етіп қояды. Кейіннен, алдын-ала белгіленіп кесілген металлжабынқыштын табақтарын төсейміз. Табақтардың жанасқан жерінің үстінен декоративті элемент – ендованың жоғарғы тақтайшасын орнатамыз.

МЕТАЛЛЖАБЫНҚЫШ ТАБАҚТАРЫН ТӨСЕУ

Металлжабынқыштың бірінші табағын шатырдың бұғаты мен бүйір жағы бойынша туралап, конектың жанына бекітеді.

Егер металлжабынқышты құру оңнан солға қарай жүрсе, екінші табақты бірінішісінің үстіне төселеді. Егер солдан оңға қарай жүрсе, екінші табақтың шетін бірінішісінің астына төсейді.

Табақтарды саморездермен шет жақтың төбесіне қарай бекітеді, алайда олар торға бекітілмеу керек.

МЕТАЛЛЖАБЫНҚЫШ ТАБАҚТАРЫН БЕКІТУ

Металлжабынқышты бекіту үшін 4,8х28мм-лік ЭПДМ-төсемесі мен түсті басы бар саморезде қолданылады. Саморездердің көлемі - 6-8 дана 1 шаршы метрге.

Табақтың астыңғы жағын саморездермен бүгілу орындарына, торға жанасқан жерінде бір толқынды тастай отырып бекітеді.

Саморездердің келесі қатарларын шахмат түрінде бір толқынды тастай отырып бекітеді.

САҚТАУ

Климат жағдайларының әсері астында сақтау жағдайлары МЕСТ 15150-ге сәйкес болу керек. (күн сәулесі мен жауын-шашынның тікелей әсері жоқ, жылытылмайтын бөлмелер)

Бір айдан көп уақыт сақтаған кезде, табақтарды орамадан шығарып,қатар бойынша жатқызып қою керек.

ТАБАҚТАРДЫ ШАТЫРҒА КӨТЕРУ

Табақтарды шатырға лагтардың көмегімен көтеруге болады. Олар шатырдың шетінен жерге дейін орнатылады.

Биік шатырдағы профильдің жоғарғы шетіне табақтарды көтеру үшін, екі саңылау ойылып, ілгіштер мен арқандардың көмегімен көтеріледі.

Табақтарды бір-біреуден көтереді.

Табақтарды шатырға қатты жел болып тұрған кезде көтеруге болмайды, себебі профильденген табақтар бүлінуі мүмкін.

БАҚЫЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

Стропилаларды орналастыру кезінде шатыр еңістерінің бақылау өлшемдерін алып тұруға кеңес беріледі, себебі құрылыс кезінде жобадан ауытқулар болуы мүмкін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жазықтықтан ауытқу кезінде, металлжабынқыш табақтарының түйіспей қалуы мүмкін.

МҰНЫ БІЛУ КЕРЕК!

Саморездерді бұрап кіргізу кезінде пайда болған жоңқаларды бұйым бетінен щеткамен мұқият сыпырып алу керек, әйтпесе олар тотығып, жабынның бетін бүлдіреді.

Кесілген, сынған, бүлінген жерлерді тотығуды алдын-алу үшін, полимерлі жабындарға арналған жөндеу эмалімен өңдеу керек.

Абразивті дөңгелегі бар бұрыштық тегістеу машинасын қолдануға қатаң түрде тыйым салынады, себебі тек полимерлі жабын ғана емес, мырыш та күйіп, коррозия процессі басталалуы мүмкін.

МЕТАЛЛЖАБЫНҚЫШТЫҢ АСТЫН КЕРЕГЕЛЕУ

Керегелеуді антисептикпен өңделген өлшемі 25х100 тақтайлардан орындайды (өлшемдері шамамен алынған).

Бұғат бойымен бірінің үстіне бірін өлшемі 50х100 мм тақтайларды қағып, су оқшаулағышты осы тақтайлардың үстіне шығарамыз.

Кейін стропилаларға су оқшаулағыштың үстінен конектен карнизге қарай өлшемдері 50х50 мм контркерегелердің тақтайшаларын қағамыз.

Контркерегелеудің үстінен берілген қадаммен көлденең түрде керегелердің тақтайларын бекітеді.

ЖАНАСУ

Жабынның пеш мұржаларына немесе шатыр еңістерінің қабырғаларына герметикалық жанасуы үшін, жанасудың төменгі планкаларынан ішкі фартукты жасайды. Планканы мұржаның қабырғаларына қойып, жоғарғы шетін қабырғада белгілейді. Кейіннен белгіленген сызық бойынша штробаны тесіп шығады.

Ішкі фартуктың орнатуын мұржаның төменгі қабырғасынан бастайды. Штробаның ішіне салынған планканың шетін герметизациялайды. Кейіннен ішкі фартуктың төменгі элементі үшін судың ағуына арналған табақшаны орнатады. Кейіннен шатыр жабынының табақтары төселеді. Одан соң, штробаның ішіне салынбай, қабырғаның өзіне жанасудың жоғарғы планкалары құрылады.

Компания туралы

«Үйіңізді салатын кезде, іргетасы мен жабынында үнемдемеңіз» деген нақыл сөз бар. «ДомСтрой» компаниясының риза болған мыңдаған клиенттері осы халық даналығының шындығына көздері жетті...

Толығырақ ...

Байланыс

Шымкент қ., Желтоқсан көш., 192
Телефон: +7 (7252) 57-87-46;
Сарыағаш қ., Бейсенова көш., н/у.
Телефон: (72537) 71 001
+7 775 404 90 40

Заказать звонок
Яндекс.Метрика