г. Шымкент: +7 (7252) 57 87 46;  г. Сарыагаш: +7 (72537) 71 001;

nam10

Металлжабынғыш жайлы аңыздар

Сіздер қалай ойлайсыздар, үйдің құрылысы неден басталады? Іргетасынан, қабырғасынан... . Жоқ, үй шатырдан басталады! Өйткені шатырдың қандай болатынына қарап сіз үйдің іргетасын, қабырғалардың қалыңдығын, ал ең бастысы құрылысқа қажетті материалдардың барлық шығынын есепке аласыз. Жабын жұмыстарына батыл кірісе берулеріңіз үшін біз осы кездері халық арасында қалыптасқан металл жабынғыш жайлы аңыз әңгімелерді тарқатпақпыз.

МЕТАЛЛЖАБЫНҒЫШТЫҢ БАҒАСЫ ӨТЕ ҚЫМБАТ.
Көптеген мамандардың айтуы бойынша металл жабынғыш бүгінгі таңда сапа мен баға тұрғысынан алғанда ең үздік матерал. Металлжабынғыш өзге жабын материалдары секілді күнге күйіп уақыт ете келе сапасы бүлінбейді. Жабын материалы үшін 10 жылдық кепілдік бұл аз мерзім. Нағыз сапалы жабын түрі, соның ішінде металлжабынғыш 10 жылдан да көп қызмет атқарады.

МЕТАЛЛЖАБЫНҒЫШТЫҢ ӨТЕ КӨП БӨЛІГІ ҚАЖЕТСІЗ ҚИЫНДЫЛАР БОЛЫП ҚАЛАДЫ
Тексерілген орыннан жабын материалына тарсырыс бере отырып сіз жобаға сай жабын беттерінің дәл санымен есептелген нақты жиынтық аласыз.  Шығыннан қашып құтылу мүмкін емес, алайда оның саны өте аз болары сөзсіз.

МЕТАЛЛЖАБЫНҒЫШТАН ЖАБЫЛҒАН ШАТЫР ЖАҢБЫРЛЫ КҮНДЕРІ ҚАТТЫ ШУЫЛДАЙДЫ.
Жабын тек қана құырылыс кезінде қателіктің кетуі себебінен шулауы мүмкін. Жалпылай алғанда тұрғын үй жабыны керемет жылу мен шу оқшаулағыш болып табылады. Со себептен да аталмыш пікір қате айтылған деуге толық негіз бар.

МЕТАЛЛЖАБЫНҒЫШТЫҢ БЕТІНДЕГІ ПОЛИМЕРЛІ ЖАБЫН ЫРШЫП ТҮСЕДІ.
Болатты өндіру кезінде техникалық тұрғыдан қателікке жол берілген жағдайда полимерлі жабын ажырап кетуі мүмкін. Әйтпеген жағдайда жабын ондаған жылдар бойы кәдеңізге жарайтынына күмәніңіз болмасын. Сол себептен де сапалы материалға көңіл бөлген абзал.

МЕТАЛЛЖАБЫНҒЫШПЕН ШАТЫРДЫ ЖАБУ ҚИЫН.
Нағыз мамандар кіріскенде шатыр жабу ісі еш қиындық тудырмайды. Өйткені металлжабынғыш бұл құрастырылмалы бөлшектік жабын емес, үлкен дестелермен жабылатын сапалы дүние. Сонымен қатар жазғы мезгілде металлжабынғышпен шатыр жабу өте ыңғайлы әрі жылдам.
Сонымен, біз металлжабынғыш жайлы қалыптасқан жансақ пікірлерді тарқата білдік деуге болады. Ендеше, іске сәт.

Осы категориядағы басқа материалдар: « Крыша и кровля -два звена одной цепи Возьмём под козырёк »

Компания туралы

«Үйіңізді салатын кезде, іргетасы мен жабынында үнемдемеңіз» деген нақыл сөз бар. «ДомСтрой» компаниясының риза болған мыңдаған клиенттері осы халық даналығының шындығына көздері жетті...

Толығырақ ...

Байланыс

Шымкент қ., Желтоқсан көш., 192
Телефон: +7 (7252) 57-87-46;
Сарыағаш қ., Бейсенова көш., н/у.
Телефон: (72537) 71 001
+7 775 404 90 40

Заказать звонок
Яндекс.Метрика