Пластикалық су ағызу жүйелері
Пластикалық суағарлар соңғы жылдары көптеген сұранысқа ие болып жатыр. Жиі кездесетін жағдай – құрылыстың бірінші кезеңінде үй салушы жабынды құрып, суағарларды монтаждайды, ал бірер уақыттан соң жер телімінде қосымша құрылыс жұмыстары өтіп, су ағызу жүйесін қосымша құру қажеттілігі қайта туындайды. ПВХ-дан жасалған суағарлар жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Аз уақыт ішінде нарықтан жоқ болып кететін маркалар, үй салушыларды құрамдас элементтердің жоқтығымен қиын жағдайға қояды. Сондықтан біз өз клиенттерімізге 2-3 жылдан соң құрамдас бөліктермен қосымша мәселе туғызбайтын, сенімді өндірушілердің суағарларын ұсынамыз.
Пластикалық суағардың артықшылығы:
1. Коррозияға тұрақты;
2. Қышқылдар мен химиялық реагенттерге бейтарап;
3. Кез-келген металлдармен үйлесімді – оларды металлжабынқыш сияқты жабындарға құруға болады;
4. Салмағы аз - ПВХ металлдан жасалған суағарлардан жеңіл, оларды оңайлықпен тасымалдауға болады;
5. Құру оңайлығы –бекіткіштердегі науалардың қосылысы, құру процессін рахатқа айналдырады;
6. Жоғары сапалы ПВХ қолданудың кез-келген жағдайларына қарамастан қалпы мен түсін жоғалтпайды;
7. Ұзақ пайдалану мерзімі;
8. К Науа мен құбырдың тегіс бетіне кір қонбайды – сондықтан бітеліп қалу мүмкіндігі тым аз.
Кескіндер галлереясы
http://domstroi.kz/kz/katalog/vodostochnye-sistemy/item/318-plastikaly-su-a-yzu-zh-jeleri.html#sigProId5bdda947e8